Жұмсақ тазалау
Өндіруші
Acence Blemish Control Soothing Gel Cream [Mizon]
Тауардың сипаттамасы
Тегістейтін теңестіретін өте жеңіл гель-крем безеу шығуға бейім күрделі теріге арналған. Бірегей патенттелген ингредиенттерімен крем қызарған және тітіркенген теріні әсерлі тыныштандырады және ылғалдандырады, балғындық әсерін береді.
Тыныштандырады
Ылғалдандырады
Теңгерімді бақылау
Сергітеді
Жарқыратады
Негізгі ингредиенттер
Малина экстракты
Гиалурон қышқылы
Гидролизденген экстензиялар
Бета глюкан
Шизандра экстракты
Бамбук экстракты
Папайя экстракты
Раушан экстракты
Емен экстракты
Қайың шырыны
Шырмауық экстракты
Трегалоза
Лицетин
Лимон экстракты
Пайдалану: күту жүйесі бойынша соңғы қадамда жағыңыз. Кремнің біраз бөлшегін бетіңізге жағыңыз және жеңіл соққылайтын әрекетпен тегістеп жайыңыз.
Свотчтар
Acence Blemish Control Soothing Gel Cream Mizon - Тегістейтін теңестіретін өте жеңіл гель-крем безеу шығуға бейім күрделі теріге арналған. Бірегей патенттелген ингредиенттерімен крем қызарған және тітіркенген теріні әсерлі тыныштандырады және ылғалдандырады, балғындық әсерін береді.Сондай ақ крем безеудің шығуын тоқтатады, су-майлы балансты реттейді, сонымен қатар қажетті деңгейге дейін ылғалдандырып және ылғалды сақтайды, безеуден кейінгі жылдам регенерацияға әсер етеді, безеуден кейінгі тыртықтарды ағартады.
Бета-глюкан –қуатты иммунды белсендендіргіш, ағзада өздігінен қалпына келу және өздігінен реттелу процесін жасайды, оның көмегімен терідегі коллаген және эластиннің түзілуі жасалады, қан тамырлары бекиді, иммунитет артады, терінің зақымданған жерлері қалпына келеді, асқынулар жойылады. Теріде коллаген және эластиннің түзілуі тері рельефінің жақсаруына әсер етеді, әжімдерді жазады – теріге жасартушы әрекет етеді.
Трегалоза ақуыздардың маңайында қорғаныс қабатын түзеді, осылайша ыстық және суық экстремалдық жағдайларда, немесе басқа стресстік жағдайларда жасушалардың өмірін қорғайды.
Свотчтар
ACENSE SEBUM CONTROL 6 кемел күтім жолдары
Лецитин – терінің липидтік құрамы, терінің липидтік қабатының бұзылған барьерлік қызметін қалпына келтіреді, ылғалдың ерте булануына қарсы келеді.
Гидролизденген экстензиялар – сәбізден алынатын өсімдік протеині, ұлпадағы коллагендік талшықтарды бекітеді, терінің серпімділігін және қаттылығын арттырады.
Гиалурон қышқылы – ең үздік табиғи ылғалдандырушының бірі, жеке гиалурон қышқылының түзілуіне, коллаген және эластиннің синтезіне әсер етеді.
Шырмауық экстракты куперозды және одан қызарған орындарды кетіреді, ісінуді азайтады және соның есебінен теріні тегістейді.
Шизандра экстрактының құрамында флавоноидтар, катехиндер, дәрумендер, эфир майлары және басқа да биологиялық белсенді заттар бар, терігі бекітуші және сергітуші әсер береді.
Лимон экстракты ағартады, сергітеді, А, В. Р, С дәрумендеріне бай, бактерияларға қарсы әрекеті бар.
Папайя экстракты өлі жасушаларды түлететін энзимдерге бай, терінің дөрекі қабатын, безеуден кейінгі тыртықтарды тегістейді, теріні тегіс және таза етеді.
Таңқурай экстракты аскорбин қышқылына бай, құрамында А, Е, В2 және РР дәрумендері, каротин, калий, мыс, фосфор, темір, кальций тұздары бар, пектинді және азоты заттар, эфир майы, жеміс қышқылдары және т.б. бар. Теріге жұмсақтық және серпімділік береді, зат алмасуды реттейді, жасартады және сергітеді, тегістейді, ылғалданудың оңтайлы режимін қамтамасыз етеді. Тесіктері кеңейген майлы теріге жағымды әсер етеді, антисептикалық әрекет жасайды, терінің құрылымын тегістейді.
Бамбук экстракты теріні тазартады, тесіктерді тарылтады, бұл дені сау терінің маңызды құрамы кремнийге бай.
Раушан экстрактының құрамында С дәрумені, каротин, В тобының дәрумендері және қан айналымға қатысушы К дәрумені, сондай ақ коллагеннің толық түзілуіне қатыстатын басқа да ферменттер бар,қылтамырлардың қабырғаларын нығайтатын және теріні жасартатын Д дәруменін белсендендіреді.
Қайың шырыны – нағыз «сұлулық эликсирі», теріні ылғалдандырады және дәрумендейді, көктемгі балғындық пен жаңару сезімін береді. Теріні ағартады, пигменттік дақтарды және секпілді жояды.
Аcence сериясын қолдану жолы
1 қадам – Тазалайтын көбік, себумды және ластануды жояды
2 қадам - Сергітетін тоник түлеген терілерден тазартады, майлылықты азайтады
3 қадам – Жеңіл эмульсия терінің майлылығын бақылайды
4 қадам - Тыныштандыратын сарысу безеулердің шығуын азайтады
5 қадам – Ылғалдандыратын гель- крем гидро-липидтік теңгерімді қалпына келтіреді
6 қадам (ерекше күтім) – Асқынуларға қарсы түнгі құрал
Здравствуйте, Дамира! Ирина имела в виду крем с пчелиным ядом, можете прочитать описание на сайте пройдя по ссылке